Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың Судья және сот қызметкерлері күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті судьялар және Сот аппаратының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Судья және сот қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әділдік пен заңдылық қағидаттарын берік ұстану – кез келген өркениетті қоғамның басты өлшемі. Осы жауапты жолда Сіздердің атқарып отырған істеріңіз – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әділ сот төрелігін жүзеге асыруға бағытталған аса маңызды әрі абыройлы қызмет.

Судья – тек заңның ғана емес, қоғамның ар-ожданының таразысы. Ал сот аппаратының қызметкерлері – осы жүйенің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мызғымас тетік. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, биік жауапкершіліктеріңіз, адал қызметтеріңіз ел ішіндегі тұрақтылықты, азаматтардың заңға деген сенімін нығайтуға сүбелі үлес қосып келеді.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сот жүйесін жаңғырту, әділдікті қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін енгізу бағытында ауқымды реформалар жүргізілуде. Бұл – қоғамның сотқа деген сенімін арттырып, құқық үстемдігін одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар.

Құрметті сала қызметкерлері!

Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Әрбір қадамдарыңыз әділеттің жолын нұрландырып, ел сенімін ақтай бергей!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1023590?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді