
Құрметті судья және сот қызметкерлері!Қадірменді сала ардагерлері!
Сіздерді 24 маусым – Судья және сот қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әділдік пен турашылдық, асқан жауапкершілікті талап ететін қызмет саласында адал еңбек етіп жүрген сот қызметкерлері мен сала ардагерлерінің еңбегі орасан. Зор міндеттер жүктелген сот билігінде үнемі реформалар жүргізіліп, бастамалар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының қай-қайсысы болсын сот саласының жұмысын айналып өткен емес. Себебі, заң мықты болмай, сот пәрменді болмай мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелердің түйіні тарқатылмайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Судьяларымыз адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керек. Еліміздің судьялары кәсіби біліктіліктерін ұдайы арттырып, жұмыс тәсілдерін жетілдіріп, қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет. Бұл үшін сот саласындағы өзекті халықаралық үдерістерді ескеріп, судьялардың халықаралық қауымдастығымен тығыз байланыс орнату маңызды, – дей келе, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз етуді бірінші міндет ретінде атап көрсеткен болатын.
Бұл мереке елімізде аталған салада еңбек ететін қызметкерлер мен егемен еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан сала ардагерлерінің қиын да жауапкершілігі мол еңбектеріне құрмет білдіріп, мамандықтың мәнін арттыру маңызды.
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында еңбек етіп жүрген судьялар мен сот қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!
Құрметпен,Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1023591?lang=kk
Жауап қалдыру