Ақтау қаласында үлескер тартуға үш нысанның ғана рұқсаты бар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
  1. Ақтау қаласы аумағында үлескерлік құрылысқаресми рұқсат алып, жеке тұлғалардың қаражатынзаңды түрде тартуға мүмкіндік алған санаулытұрғын үй бар. Бұл туралы тұрғындармен кездесуде Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов мәлімдеді.

    Олар:

  2. 14 ш/а – «Premier» ТҮК, «Юпитер СтройСервис» ЖШС,
  3. 41 ш/а – «Manhattan» ТҮК, «K7 Group» ЖШС
  4. 40 ш/а – «Avenue Park» ТҮК, «BS Holding» ЖШС.

    – Қала тұрғындары құрылысы аяқталмаған үйлерден пәтер алу кезінде, өздерінің жауапкершіліктерін сезінулері қажет. Осы орайда, азаматтар пәтер сатып алар алдында, әкімдіктен тұрғын үйдің рұқсат құжаттары, оның ішінде үлескер тартуға рұқсаттары бар-жоғын анықтағаны жөн, деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

    Бүгінгі күні Ақтау қаласы аумағында құрылысы жүріп жатқан 119 тұрғын үйдің 33-і «заңсыз» деген сот шешімі шыққан. Оның ішінде 5 нысан нақты түрде бұзылды, ал 2 нысан техникалық талаптарға сәйкестендіріліп, пайдалануға қабылданды. Қалған 26 нысан бойынша мәселе ашық күйде, дегенмен әкімдік тарапынан құжаттарын рәсімдеу бойынша шаралар қаралуда. Сонымен қатар, 6 тұрғын үй кешені проблемалық болып танылды.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1026257?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді