Астанада БАҚ қызметкерлері марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада сала үздіктері мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды.

Салтанатты марапаттау рәсімі Орталық коммуникациялар қызметінде өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы атынан ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов марапаттарды табыстады.

Рәсім барысында журналистер «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», «Еңбек ардагері» медальдары мен «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Марапат иегерлері — отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан кәсіби мамандар. Олардың қатарында редакторлар, теле-радиоарналар қызметкерлері, дизайнерлер, продюсерлер мен өңірлік тілшілер бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1026080?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді