Бақылау – сапалы жұмыстың кепілі!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бақылау – сапалы жұмыстың кепілі!
🔰Бүгін “Қарлығаш” бөбекжайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары барысын аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Джангереева, бас есепші С.Есниязова, әдіскерлер А.Кенжегалиева мен Н.Жаскалиева арнайы барып қарап шықты.
🔹 Нысанда атқарылып жатқан әрбір жұмыс жіті назарға алынып, сапасы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне баға берілді.
🔹 Бөбекжайдың ішкі-сыртқы көрінісі, жылу жүйесі, санитарлық жағдайы және ойын алаңдарының жаңартылуы басты назарда болды.
🔹 Ғимараттың ішкі қабырғалары жаңартылып, жылыту жүйесі мен электр желілері ретке келтірілуде;
🔹 Топ бөлмелерінің интерьері заманауи талаптарға сай безендірілуде;
🔹 Асхана мен санитарлық тораптарға ерекше назар аударылуда;
🔹 Аулада балалардың ойын алаңдары жаңартылып, қауіпсіздік талаптарына сай жабдықтар орнатылуда.
🔧 Бұл жұмыстардың барлығы – балапан балдырғандардың алаңсыз ойнап, білім мен тәрбие алуы үшін жасалып жатқан игі бастама.
📸 Жақында толықтай жаңарған бөбекжай есігін айқара ашып, кішкентайларды қуана қарсы алатын болады.
#ҚарлығашБөбекжайы
#ЖөндеуБақылауда
#БілімБөлімі
#БақылауЖұмыстары

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1025936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді