Жұмыс сапары аясында Комитет төрағасының орынбасары Ә.Әубәкіров Ақмола облысының Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту барысын тексерді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс сапары аясында Комитет төрағасының орынбасары Ә.Әубәкіров Ақмола облысының Егіндікөл және Қорғалжын аудандарының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылатын Нұра топтық су құбырын (магистраль және бас құрылыстар) қайта жаңарту барысын тексерді.

Сапар барысында жобаны іске асырудың ағымдағы кезеңдері, сондай-ақ ықтимал техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша төрағаның орынбасары объектілерді уақтылы және сапалы аяқтауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың әр кезеңінде барлық техникалық стандарттарды сақтау мен бақылаудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1029518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді