ШАРДАРА: САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚҚА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде санитарлық тазалықты қадағалау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Рейд жұмыстары жағажай демалыс орындары мен кәсіпкерлік нысандарды қамтып, тазалық талаптарының орындалуына күнделікті бақылау жүргізілуде.
Сонымен қатар, қала ішінде бей-берекет жүрген мал иелеріне қатысты да шаралар қабылдануда. Санитарлық талаптарды бұзған мал іиесіне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды.
Аталған жұмыстар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қоғамдық тәртіп пен экологиялық мәдениетті нығайту мақсатында жалғасатын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1032127?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді