Алатау ауданында «Адам және қоғам» тақырыбында семинар-жиналыс өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алатау ауданында «Адам және қоғам» тақырыбында семинар-жиналыс өткізілді 2025 жылғы 16 шілдеде Алатау ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырған «Адам және қоғам» тақырыбындағы семинар-жиналыс өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ медиаторлар мен қоғам белсенділері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің бір тетігі ретінде медиация институтын ілгерілету, дау-жанжалдарды баламалы жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру, тиімді келіссөздер жүргізу мен сындарлы коммуникация орнату дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар медиация процесінің теориялық және практикалық негіздерімен жан-жақты танысты.

Іс-шара аясында қатысушылар арасында пікір алмасу, нақты жағдайлар бойынша талдау жұмыстары және тренинг элементтері ұйымдастырылды. Семинар қатысушылары қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы жолында медиацияның маңыздылығын атап өтті.

Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-alatau/press/news/details/1035352?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді