
2025 жылғы 15 шілдеде Қонаев қаласында Алматы облысының мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мониторингтеу және бағалау» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар лекторы ретінде PhD докторы Қайыржан Саясатұлы Абдыхалықов сөз сөйледі. Ол – Алматы қалалық Азаматтық альянсының төрағасы, ҚБТУ Бизнес мектебінің профессоры, сертификатталған жобалық менеджер және тұрақты даму жөніндегі сарапшы. Сонымен қатар ол бірқатар маңызды мемлекеттік және ғылыми мекемелер жанындағы үйлестіру және қоғамдық кеңестердің мүшесі болып табылады.
Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың нәтижелерін тиімді мониторингтеу мен бағалаудың негізгі аспектілері ұсынылды.
Тренинг мазмұны екі негізгі блоктан тұрды:
1. Әлеуметтік жобаларды мониторингтеу ұғымы мен процесі;
2. Әлеуметтік жобалардың нәтижелерін бағалау.
Семинар интерактивті форматта өтті. Қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырудың практикалық мысалдарын, тиімділік талдау әдістерін, сондай-ақ әлеуметтік бастамалардың нәтижелілігін бақылау мен арттырудың заманауи тәсілдерін талқылады.
Мұндай іс-шаралар мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік саладағы бюджет қаражатының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-social/press/news/details/1035370?lang=kk
Жауап қалдыру