Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шараларына 5 млрд-тан астам қаражат бөлінді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыста мүгедектігі бар адамдарды қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінде өңірде 25 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелген.
Мүгедектігі бар азаматтарды оңалту шараларына бөлінетін қаражат көлемі жылдан жылға артып келеді. Өткен жылы 4,7 млрд теңге болса, ал биыл 5,1 млрд теңге қарастырылған.
Бүгінгі күні облыста оңалту техникаларына мұқтаж 13 064 адамның 77%-дан астам адам қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Былтырғы жылдан бастап алғаш рет кәмелетке толмаған мүгедектігі бар балаларға алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік көмек беріле бастады.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» бағдарламасы аясында облыстағы 1120 нысанды бейімдеу жоспарланған. Соңғы үш жылда 671 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға бейімделіп, қолжетімді болды. Биыл тағы 200-ге жуық нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бюджет есебінен жаңа «Инватакси 55 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
«Облыста мүгедектігі бар адамдарға арналған 13 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 1 548 орын қарастырылған, қазіргі таңда 1 397 адам қызмет алуда.
2025 жылы Талдықорғанда 150 орындық жаңа оңалту орталығының құрылысы басталады. Бұл мақсатқа 9,5 млрд теңге бөлінді», – деді Жетісу облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1035372?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді