Қостанай облысы әкімдігі Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметіне мониторинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 шілдеде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметіне  мониторинг жүргізу аясында Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – не бару жүзеге асырылды.

Мониторингтік топ құрамына Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі Дабылов А.Ж., Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі Шакирбаев М.С., сондай-ақ  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары кірді.

Мониторинг барысында топ мүшелері қызмет алушылардың тұрмыс жағдайымен, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысып, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының сақталуын саралады. Ерекше назар қызмет алушылардың құқықтарының қамтамасыз етілуіне, медициналық көмектің қолжетімділігіне және бос уақытты ұйымдастыру мәселелеріне аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1035376?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді