
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Жамбыл облысының аудандарында жаңа өрт сөндіру бекеттерінің құрылысы белсенді түрде жүргізілуде. Жобаның басты мақсаты – бұрын құтқару қызметтерінің жетуі ұзақ уақытты талап еткен алыс және қолжетімсіз елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейту. Осындай елді мекендердің бірі – Үшарал ауылы. Мұнда қазіргі таңда заманауи өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Бекет төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге қажетті арнайы техникамен, байланыс құралдарымен және тәуліктік кезекшілікті атқаруға қолайлы жағдайлармен жабдықталады. Құрылыс жұмыстары Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің үйлестіруімен жүзеге асуда. Барлық жобалар бекітілген үлгілік-сметалық құжаттама негізінде, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызмет ету талаптарына сәйкес жүргізіледі. Құрылысты қаржыландыру толығымен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуда, бұл өз кезегінде өңірлік биліктің азаматтардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін көрсетеді. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы – мемлекеттік құрылымдардың бірлескен жұмысы арқылы елдің ең шалғай ауылдарының тұрғындары үшін нақты қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатынының айқын үлгісі. Үшарал ауылында өрт сөндіру бекетінің салынуы жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен қауіпсіздік деңгейін көтеруге бағытталған маңызды қадам болмақ.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1035375?lang=kk
Жауап қалдыру