
Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылдық округі аумағында орналасқан 24 гектар алқапта «South Products» ЖШС-нің бастамасымен тамшылатып суғару әдісі арқылы егілген картоп өнімін жинау жұмыстары жүргізілуде. Аталған бастама өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырып, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Осы ретте, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық оркугіне арнайы жұмыс сапарымен барып, егіс алқабында болды. Атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, шаруамен тілдесті. Өнім жинау барысы, технологиялық процестер мен болашақтағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Аудан әкімі тамшылатып суғару әдісінің тиімділігі мен су ресурстарын үнемдеудегі маңызын атап өтіп, мұндай жобаларды аудан бойынша кеңінен енгізу қажеттігін атап өтті.
Аталған жоба «South Products» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда. Жоба қуаттылығы жылына 48 тонна картоп өндіруге бағытталған. Егістікке голландиялық Сантэ сорты егілген, бұл – өнімділігімен және сапасымен ерекшеленетін танымал сорттардың бірі. Шаруа қожалықта 30тұрғын тұрақты жұмыс істейді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1037239?lang=kk

Жауап қалдыру