САРЫАҒАШ:ЖЫЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және инфрақұрылымды жақсарту мақсатында Жылға ауылдық округіне қарасты елді мекендерді ауыз сумен қамту бағытында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы ретте, аудан әкімі арнайы жұмыс сапарымен нысандарды аралап, құрылыс барысын бақылады. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылысқа пайдаланылатын материалдардың сапасына аса мән беруді тапсырды.

Шеңгелді елді мекенін ауыз сумен қамту бойынша бүгінде 60 метр тереңдікте су ұңғымасы қазылып, ауыз су құбырлары толықтай тартылған. Сонымен қатар, 150 дана су құдықшасы орнатылды. Су қоймасының орны нақтыланып, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталу кезеңінде тұр.

Жылға елді мекеніндегі ауыз су жүйесі жобасына сәйкес 700 метр тереңдікте су ұңғымасы қазылып, 1-ші және 2-ші көтеру сорғы станциялары ғимаратының құрылыс жүргізілген. Ауыз су құбырлары жүргізіліп, 191 дана су құдықшасы орнатылған. Сондай-ақ сыртқы қоршау жұмыстары толығымен аяқталған.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1037238?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді