Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 бұйрығымен  Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бекітілді  (бұдан әрі  –  Шоттар жоспары).

Осы Шоттар жоспары мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінде операциялар мен оқиғаларды көрсету үшін ҚР Бюджет кодексінің 130-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген.

Шоттар жоспары қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.

Шоттар жоспары мынадай  9 бөлімді қамтиды: “Қысқа мерзімді активтер”, “Ұзақ мерзімді активтер”, “Қысқа мерзімді міндеттемелер”, “Ұзақ мерзімді міндеттемелер”, “Таза активтер/капитал”,  “Кірістер”,  “Шығыстар”,  “Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар”,  “Баланстан тыс шоттар”.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1037079?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді