Құтқарушының күші мен рухы — республикалық жарыста қола медаль!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 17-18 шілде аралығында Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде Төтенше жағдайлар министрінің кубогына арналған ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан II-ші турнирі өтті.

Аталған турнирге ТЖМ аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің 24 командасынан 226 қызметкер қатысып, 8 салмақ дәрежесінде өз шеберліктерін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша 97 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Саламат Қайратұлы Ермеков жүлделі III орынды жеңіп алып, өңір намысын абыроймен қорғады.

Саламат Қайратұлын осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жауынгерлік рухыңыз бен қайсарлығыңыз жас мамандарға үлгі болары сөзсіз. Алдағы уақытта да спортта да, қызметте де толағай табыстарға жете беріңіз!

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбекте сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1037092?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді