
Бүгін Мұқаншы ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жандар Бекұлы Көксу бекетінде орналасқан балалар ойын алаңына барып, жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Әкім алаңның жағдайын көзбен көріп, орындалу сапасын тексеріп, мердігер ұйымға тиісті тапсырмалар берді. Алаңды жөндеу жұмыстары балалардың қауіпсіз және қолайлы демалыс орнын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.
Балалардың алаңсыз ойыны мен жарқын сәттері үшін жасалып жатқан бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/1040159?lang=kk

Жауап қалдыру