ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрлігі, Энергетика министрлігі, Көлік министрлігі, аумақтық төтенше жағдайлар департаменттері, «Теңіз жасағы» АҚ, сондай-ақ NCOC және өзге де ірі мұнай-газ компанияларының басшылары мен мамандары қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы — теңіздегі мұнай төгілулерін жою бойынша төтенше жағдайларға ден қою жүйесін жетілдіру, сондай-ақ теңіздегі авариялық-құтқару операцияларын үйлестіру мен техникалық жарақтандыру бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу болды.

Талқылау қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді:

  • теңізде және ішкі су айдындарында мұнай төгілулерін жою жөніндегі Ұлттық жоспарды өзектендіру;
  • төтенше жағдайлар кезінде тартылатын мұнай-газ компанияларының ресурстары мен техникасының түгендеуін жүргізу;
  • Атырау және Маңғыстау облыстарында штабтық оқу-жаттығулар мен дөңгелек үстелдер өткізу;
  • «Теңіз жасағы» АҚ-ны Каспий теңізіндегі авариялық-құтқару операцияларының бірыңғай үйлестіру орталығы және операторы ретінде айқындау мүмкіндігін қарастыру;
  • мамандар мен техниканы аккредиттеу бойынша бірыңғай рәсім әзірлеу;
  • магистральдық мұнай құбырларындағы апаттарды қоса алғанда, апат салдарын жою жөніндегі қолданыстағы нормативтік актілерді қайта қарау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1040160?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді