
Көпшілік тыңдау Арыс қаласының депутаттары мен тұрғындарының назарына!
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-ХІІ Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына және Арыс қалалық мәслихатының регламентіне сәйкес, 2025 жылы 25_шілдеде сағат 11_-00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Арыс қаласы, Әл-фараби көшесі №3 мекен жайында Арыс қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Онда мынадай мәселе бойынша көпшілік тыңдау өткізілетінін хабарлаймын.
- Арыс қаласының көшелеріне атау беру және оларды қайта атау туралы.
Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов
Байланыс телефоны: 5-92-25
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/1039506?lang=kk

Жауап қалдыру