Бүгін аудандық мәслихат депутаты А. Бралина мен жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен Кировское және Баяғыз ауылдарында мобильді қоғамдық қабылдау өткізілд

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудандық мәслихат депутаты А. Бралина мен жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен Кировское және Баяғыз ауылдарында мобильді қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында тұрғындардан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша сұрақтар түсті.
Қоғамдық қабылдау кезінде көтерілген мәселелер мен сұрақтар бақылауға алынды. Барлық өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді.
Мұндай қабылдаулардың басты мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелері мен қажеттіліктерін тікелей білу.
Жақсы ауданы тұрғындарының назарына: мұндай көшпелі қабылдаулар ай сайын ауданның басқа елді мекендерінде де өткізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/1040737?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді