
Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері тағайындалды
Облыс әкімінің бастамасымен өткен өңірдің денсаулық сақтау саласында кәсіби құзыреттіліктері мен көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде қалыптасқан медицина қызметкерлерін анықтау, өңірлік кадр пулын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медицина қызметкерлері арасында өткен облыстық конкурсқа қатысып, өңірлік денсаулық сақтау ұйымын басқаруға дайын кәсіби көшбасшылар резервіне еніп, аурухананың байқау кеңесінің ұсынуымен Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері лауазымына Бағлан Қыдырәліұлы Жүнісбеков тағайындалды
Бағлан Жүнісбеков 1990 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келді.
2013 жылы С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Стоматология» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2014 жылы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына стоматолог дәрігері болып бастады;
2022-2023 жылдары Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының емхана меңгерушісі;
2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының бас дәрігердің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1040736?lang=kk

Жауап қалдыру