Маңғыстаудың туристік орындары Испанияның танымал журналында жарық көрді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстаудың туристік орындары Испанияның танымал журналында жарық көрді

Маңғыстаудың туристік орындары туралы мақала өңірлік туризм басқармасының қолдауымен VIAJAR атты Испанияның танымал журналына жарияланды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Журнал редакциясымен бірлесе дайындалған арнайы басылым санында еуропалық аудитория Бозжыра шатқалымен, Шерқала тауымен, Тұзбайырмен, алып шарлар аңғарымен, Каспий теңізі жағалауымен, сондай-ақ өңірдің киелі орындары мен мәдени мұрасымен танысты. Материал әдемі фотосуреттермен, табиғи ерекшелікті және тарихи құндылықты айқындайтын авторлық сипаттамалармен толықтырылған. 1978 жылы негізі қаланған VIAJAR журналы Испаниядағы ең алғашқы және ең көне саяхат журналы саналады. 45 жылдан астам уақыт бойы басылым оқырмандарына сапалы репортаждар, авторлық бағыттар мен қызықты материалдар ұсынып келеді. Журналдың аудиториясы Испаниямен қатар Латын Америкасы елдері мен Еуропа туристік қауымдастығын да қамтиды. Өңірлік туризм басқармасының мәліметіне сәйкес, VIAJAR журналында Маңғыстау облысының таныстырылуы – еліміздің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Бұл оқиға шетелдік туристерді тартуға, өңірдің имиджін дамытуға және Еуропа нарығымен туристік байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1040406?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді