
Ақтауда қала әкімінің орынбасары Бауыржан Есенов ағымдағы және жинақ шоттары бар көпқабатты тұрғын үйлерге барып жүрмелі жиын өткізді. Жиынға Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Ислам Үсенов, «Қамқор қауымдастығы» заңды тұлға және жеке кәсіпкерлер бірлесітігінің төрағасы Тілеп Баймағамбетов, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде банктік шоттардың болуы оң нәтиже беретінін және тұрғындардың күнделікті өміріне жағымды әсер ететінін көрсетті. Мәселен, тұрғындар қысқа мерзім ішінде көпқабатты тұрғын үйді күтіп ұстау бойынша ауқымды жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алды. Сондықтан Ақтау қаласының әкімдігі әрбір көпқабатты тұрғын үйге жеке шот ашу қағидатын ұстанады. Бұл қаржылық ашықтықты қамтамасыз етіп, тұрғындардың қаражатын ұрлықтан қорғайды.
Сонымен қатар, тұрғындарға қаржылық қаражаттың қозғалысын өз бетінше бақылауға, күмәнді операцияларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді және бірқатар нақты артықшылықтар береді. Мысалы, төтенше жағдайларда шұғыл қаражат жинауды болдырмау үшін қор жинау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға қаржылық қор құру.
Ақтау қаласының тұрғындарының назарына!
Ағымдағы шоттар есебінен жұмыстар жүргізілген көпқабатты тұрғын үйлер бойынша ақпарат ұсынылады:
5–39 үй:
• Ғимараттың сыртқы қасбетін жөндеу,
• Подвалдағы құбырлар мен инженерлік жүйелерді ауыстыру,
• Кіреберіс баспалдақтарын жөндеу,
• Төбенің ішінара жөнделуі.
15–65 үй:
• Лифт жабдығын күрделі жөндеу,
• Төбе парапеттерін қалпына келтіру.
9–29 үй:
• Жылыту жүйесіндегі жапқыш арматураны ауыстыру,
• Жылу желілерін күрделі жөндеу,
• Сумен жабдықтау және канализация құбырларын ауыстыру,
• Төбе мен кіреберістерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1040407?lang=kk

Жауап қалдыру