САРЫАҒАШ: КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданына қарасты  Көктерек ауылдық округі бойынша әлеуметтік, инфрақұрылымдық және экологиялық бағыттағы өзекті мәселелер жоспарлы түрде  тиісті қаржыландыру мен жұмыстардың орындалуы нәтижесінде кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Осы ретте, Көктерек ауылдық округінің әкімі Үміт Тұржанова 2024 жылғы қорытынды мен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді. Іс-шара барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, негізгі бағыттар бойынша мәлімет ұсынылды.

 

Көктерек ауылдық округі екі елді мекеннен құралған: Көктерек кенті және Дархан елді мекені. 2024 жылы округ құрамына Дархан елді мекенінің қосылуына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 400 гектарға жетті.

Қазіргі таңда, Дархан елді мекеніндегі кіші футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары  мердігер ЖК «Бахтияр» тарапынан жүргізілуде. Көктерек кентінде көше белгілерін орнату, ағаштарды суғару және кесу жұмыстарын мердігер мекеме атқарып келеді. Көктерек ауылдық округінің  жол жиегіндегі ағаш қоршауларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дархан елді мекеніндегі Жабаев көшесінде, Шошым арығы үстіндегі тозығы жеткен көпірге жөндеу жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталған. Көктерек кенті мен Дархан елді мекенінде ішкі көшелерге жөндеу жұмыстары мердігер : ЖК «Бекзада» тарапынан бастау алған.

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында  биыл көктемде  А-15 республикалық маңызы бар автожолының бойынан 0,40 га жер учаскесі қоршалып, суғару жүйесі орнатылды. Оған қоса, аумаққа 500 дана қара ағаш көшеті егілді.Көктерек кентінің Н.Жұматаев көшесіне жаңа қоқыс контейнерлері орнатылды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1040816?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді