САРЫАҒАШ:ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БАЯНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округінің әкімі Тансық Кемелбеков округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2024–2025 жылдары атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз мәслихатында баяндады.

2024 жылы “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында «Тегісшіл ауыл аманаты» кооперативі құрылды. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласына тартылған инвестиция көлемі 650 млн теңгені құрады. Оның ішінде:

  • «Адия» ЖШС – жылыжай құрылысы
  • «Бак – Сая» ЖШС – жеміс бағын дамыту
  • «Beibars OIL» ЖШС – жанармай құю бекеті (150 млн тг)

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында        2058 га егістік толық игеріліп,жоспарланған көрсеткіш 100% орындалды. 2024 жылы 5 жаңа трактор, 2025 жылы 5 жаңа техника сатып алынған. Сонымен қатар, бүгінде  «Күлпаршын» шаруа қожалығы 900 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысын жүргізуде.

2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында округке қарасты 36 көшеге  асфальт жамылғысын, Таскескен, Мәдениет, Тегісшіл елді мекендерінде шағал тас төсеу жұмыстары атқарылған . 2025 жылдың 6 айында 850 метр ұзындыққа  жол жөндеу,Тегісшіл елді мекеніндегі Ш. Ибрагимов  көшесіне аяқжол орнату жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық округке қарасты  Тегісшіл және Мәдениет ауылдары 100% таза ауыз сумен қамтылып, Таскескен елді мекеніне жаңадан енген көшелерге су құбырын  тарту жұмыстары атқарылуда.

Биыл  Мәдениет ауылында воркаут және спорт алаңы  тұрғындар игілігіне пайдалануға берілген. Қазіргі таңда,  75 орындық мәдениет үйінің құрысылы жүргізілуде.

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында 1 500 дана ағаш егіліп, 23,5 шақырым каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы  4 шақырым көше жарығы жаңартылып, биыл округке қарасты басқа да көшелердің жарықшамдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1040817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді