
Скрининг – денсаулық пен ұзақ өмірдің кепілі
Скринингтік зерттеулер – профилактикалық медицинаның басты құралдарының бірі. Ауруды клиникалық белгілері байқалмай тұрып анықтауға мүмкіндік беретін бұл тексерулер емнің тиімділігін арттырып, науқастың өмір сүру сапасын жақсартады әрі өлім-жітім деңгейін төмендетуге сеп болады. Әсіресе, жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық және басқа да созылмалы дерттер үшін скринингтің маңызы зор.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында халықты скринингтік тексеруден өткізу жұмыстары жалғасуда. Негізгі нәтижелер төмендегідей:
Жүрек-қан тамырлары аурулары: 93 917 адам тексерілуі тиіс болса, олардың 58 342-сі (62,1%) скринингтен өтті. Нәтижесінде 4 216 адамнан (7,2%) ауру белгілері анықталды.
Қант диабеті: Жоспарланған 93 917 адамның ішінде 58 342-сі (62,1%) тексеруден өтті, олардың 545-інде (0,9%) ауру табылды.
Глаукома: 58 342 адам (62,1%) тексерілді, 55 адамнан (0,1%) глаукома анықталды.
Сүт безі қатерлі ісігі: 48 661 әйелдің ішінен 29 188-і (60,0%) маммографиядан өтті. Әсіресе 40 жастан асқан әйелдер арасында бұл дертті ерте анықтау – өмір сақтаудың шешуші жолы.
Жатыр мойны обыры: 39 663 әйелдің 25 984-і (65,5%) цитологиялық зерттеуден өтті. Алдын алу шаралары мен дер кезінде ем қабылдау қауіпті дерттің өршуіне жол бермейді.
Тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігі: 58 915 адамның 35 736-сы (60,7%) тексеруден өтті. 320 адамнан (0,9%) ауру анықталды.
Ауру белгілері табылған барлық азаматтар диспансерлік есепке алынды.
Скринингтен уақтылы өтіңіз – бұл өз денсаулығыңызды сақтаудың және ауыр дерттің алдын алудың ең тиімді жолы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1040709?lang=kk

Жауап қалдыру