Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 25 шілде, Подгорица – Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногория Әділет министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және халықаралық құқықтық көмек департаментінің Бас директоры Благое Гледовичпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде құқыққолдану мен тәжірибемен алмасу, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау және өзара құқықтық көмек көрсету бағытындағы бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің салалық ведомстволары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды жалғастыруға және ынтымақтастықты жандандыруға өзара мүдделілік бар екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1043195?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді