
Ақтау қаласы әкімдігінің «Таза Ақтау» экологиялық жобасы шеңберінде қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың санитарлық тазалығына қатысты мониторинг жұмыстары жалғасуда. Рейдтік шараға қала әкімдігінің бөлімдері, қалалық полиция басқармасы және жауапты коммуналдық сала өкілдері қатысты.
Кезекті мониторинг жұмыстары барысында 9 кәсіпкерлік нысан тексерілді. Олардың кейбірі санитарлық талап ережесін сақтаса, көпшілігінде ол міндет жүзеге аспай отыр. Рейд барысында бірқатар нысан иелері қоқыс шығаратын мекемемен келісімшарт жасақтамаған. Ал, келісімі бар кәсіпкерлік нысандардың қоқысы бойынша жауапты коммуналдық мекеменің жұмысына қатысты уәж айтылды.
– Бұл кәсіпкер “Каспий оперейтинг” мекесімен келісім шарт жасаған. Ай сайын қаражатын төлеп келеді. Дүкен иесі тұрғын үйдің ортақ қоқыс жәшігіне қоқыс тастауына мәжбүр болып отыр. Келісім шарт бойынша кәсіпкерге арнайы қоқыс жәшігін ұсынуыңыз қажет. Сапалы жұмыс көрсетіп отқан жоқсыз. Мәселені қолға алыңыздар, – деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Жантілек Асхатов.
Тексеріс жұмыстары нәтижесінде бірқатар кәсіп иелеріне ескерту түрінде шара қолданылды. Айта кетейік, «Таза Ақтау» жобасы аясында санитарлық тазалыққа қатысты мониторинг жұмыстары қала аумағында апта сайын өткізіледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1043190?lang=kk
Жауап қалдыру