Түркістан облысында шетелдік туристер үшін акция жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы — мәдениет пен тарихи мұралардың отаны. Қасиетті аймаққа инвестиция тарту және туризмді дамыту саласында қолайлы жағдайлар жасалуда. Осы орайда Ішкі істер органдары үшін шетелдіктердің қауіпсіздігі мен олардың мемлекетте жүру тәртібін сақтау — басты талаптардың бірі болып отыр.
Түркістан облысының полиция департаменті мен Шекара қызметі бірлесіп, шетелдіктердің жүру тәртібін насихаттау мақсатында тегін туристік карталарын табыстау акциясын жүргізуде. Акция басталғаннан бері шетелдіктерге 62,5 мың туристік карта таратылды.
Аталған картаға ие болған әрбір шетелдік турист QR-код арқылы safetravel.kz платформасына қол жеткізе алады. Бұл платформа төрт тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) қолжетімді болып, мемлекетімізде жүру тәртібімен танысуға, төтенше жағдайда 102 немесе SOS қосымшаларын қолдануға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде шетелдіктерге қатысты акция халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет алу, тіркеу жасау барысында көші-қон қызметі бөлімшелерінде жалғасын тапты. Бұл бастама Түркістан облысының имиджін көтеруге, туристік әлеуетті жақсартуға және шетелдіктердің сенімін нығайтуға бағытталған қадам болып, шетелдік қонақтарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға жағдай жасайды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1043191?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді