Ақмола облысында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы аясында төрт медициналық нысан ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданына қарасты Рақымжан Қошқарбаев ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ашылды. Жаңа медициналық нысанды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов барып көрді.
Жоба ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылды. Жаңа медпункт ауылдың екі мыңға жуық тұрғынын алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ФАП құрамында: процедуралық және екпе кабинеттері, акушер кабинетi, стерилизациялық, физиотерапия бөлмесі, ақпараттандыру кабинеті және қақырық қабылдау бөлмесі бар. Бір ауысымда 40 адамды қабылдай алады.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарын қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету тапсырмасы өңірде жүйелі түрде орындалып жатқанын атап өтті.

«Әрбір азамат, тұратын мекеніне қарамастан, уақытылы әрі сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндікке ие болуы керек. Сонымен қатар, медициналық қызметкерлерді заманауи құрылғыларда жұмыс істеуге үйрету де маңызды», – деді Марат Ахметжанов.

Целиноград аудандық емханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Марал Арқабаева нысанның толықтай қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айтты:

«Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт тұрғындарға дер кезінде және сапалы алғашқы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мамандардың жұмыс істеуі үшін қажетті құрылғылар орнатылған», – деді Марал Арқабаева.

Ауылға келген медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында облыстық мәслихаттың депутаты, «Мәншүк-НС» ЖШС-нің бас директоры Тимур Пшенов екі пәтер сатып алуға қаражат бөлді.

Рақымжан Қошқарбаев ауылындағы ФАП-тан бөлек, Ақмола облысында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту аясында тағы үш нысан ашылды: Шалқар ауылындағы медпункт, Мәншүк Мәметова ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт және Жалғызқұдық ауылындағы дәрігерлік амбулатория.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1043994?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді