САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың жұмыс жоспарына сәйкес, әр екі апта сайын құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысы мен сапасын тұрақты түрде тексеруде. Осы ретте, аудан басшысы бүгін Жібек жолы ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, ауылды округке қарасты Сарқырама, Жібек жолы, Зортөбе  және Қарабау елді мекендерін ауыз су қамту мақсатында жүргізіліп жатқан  құрылыс жұмыстарының барысын  пысықтады.

 

Ауылдық округке қарасты төрт елді мекенде ауыз су құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: Сарқырама, Жібек жолы,  Қарабау және Зортөбе  елді мекендерінде. Қазіргі таңда, жобаға сәйкес ауыз су құбырларын  тарту және  су қоймаларының құрылыс  жұмыстары жүргізілуде.

 

Аталған округте тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұловқа нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылысқа пайдаланылатын материалдардың сапасына аса мән беруді тапсырды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1043992?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді