
Аға буын өкілдері Әділет департаментінің әрдайым ерекше назарында.
Бүгін, 31 шілде күні, қоғамда заң мен тәртіп қағидаларын ілгерілету шеңберінде Ақсу қаласының Ардагерлер кеңесі алаңында кездесу өтті. Оған Әділет департаменті бөлім басшылары Асқар Сергазинов пен Аслан Байзақов, заң кеңесшісі Алимбек Ағыбаев, жеке нотариус Сандуғаш Көпбаева және жеке сот орындаушысы Алтынбек Сұлтанов қатысты.
Кездесу барысында бөлім басшылары Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде сәтті енгізіліп, жұмыс істеп жатқан «Цифрлық көмекші» чат-боты мен сот орындаушы роботы атты жасанды интеллект құралдары туралы жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, қатысушыларға алаяқтық әрекеттерден қорғану тәсілдері егжей-тегжейлі түсіндірілді, бұл әсіресе жасына байланысты алаяқтық схемаларына жиі тап болатын аға буын өкілдері үшін маңызды. Бұдан бөлек, сталкинг, дропперлік, адамды ұрлап, күш қолданып неке қиюға мәжбүрлеу бойынша қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер де түсіндірілді.
Кездесу барысында Ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зейнеткерлер белсенді түрде сұрақ қойып, өздерін қызықтырған барлық сауалдарына жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1043917?lang=kk
Жауап қалдыру