
Астана, 2025 жылғы 31 шілде — БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Түркия Республикасымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың дамуы туралы айтып берді.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Түркияға жақында жасаған ресми сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Turkish Petroleum арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында тараптар Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарын игеруге түрік компаниясының қатысу мүмкіндігін қарастыруда, инвестиция үшін әлеуетті учаскелер мен шарттар талқылануда.
«Қазіргі уақытта екі компания кеңесулер өткізіп, кен орындарын зерттеп жатыр және Turkish Petroleum компаниясының Қазақстанда жұмысын бастау шарттарын бағалауда», — деді Министр.
Сондай-ақ, ҚР Энергетика министрлігі мен Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі арасында да меморандумға қол қойылды. Бұл құжат мұнай-газ саласынан бөлек, жаңартылатын энергия көздері мен электр энергетикасы салаларындағы жобаларды дамытуды қамтиды. Қол қойылған келісімдер тараптардың энергетикалық әріптестікті тереңдетуге деген стратегиялық қызығушылығы мен жоғары деңгейдегі сенімін көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1043972?lang=kk
Жауап қалдыру