
Нұржан Оразбекұлы 1971 жылы 9 мамырда Семей облысы, Үржар ауданы, Сегізбай ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Семей мемлекеттік университетін «Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі» мамандығы, 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Семей облысы Таскескен ауданындағы Тасбұлақ орта мектебінде бастап, 2007 жылға дейін жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісінің меңгерушісі, мекеме директоры қызметтерін атқарды.
2007-2009 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Салқынбел ауылдық округінің әкімі;
2009-2013 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық білім бөлімінің басшысы;
2013-2017 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2017-2021 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары;
2021-2023 жылдары – Абай облысы Абай ауданының әкімі;
2023-2024 жылдары – Абай облысы әкімінің кеңесшісі;
2024-2025 жылдары – Абай облысы «АМАНАТ» партиясының атқарушы хатшысы;
2025 жылғы 22 мамырдан 2025 жылдың 30 шілдесіне дейін Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің кеңесшісі.
2025 жылдың 31 шілдесінен бастап Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімі болып сайланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1043914?lang=kk
Жауап қалдыру