🔹СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Президенттің қабылдауында болды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы

Тоқаевтың қабылдауында болдым. Президентке

облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы және

алдағы жоспарлар туралы баяндадым.

Өңір тұрақты дамып келеді, инвестиция тартылуда.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте маңызды жобалар

іске асуда: нан — тоқаш өнімдері зауыты, ауыл

шаруашылығы техникасы мен крандар өндірісі,

саңырауқұлақ фермасы және компост зауыты

салынуда. Сондай-ақ, жаңа майды экстракциялау

зауыты мен ағаш өңдеу кәсіпорны өңір экономикасына

елеулі үлес қосуда. Жаңа сүт фермалары ашылып

жатыр.

Инфрақұрылым да жақсарып келеді: жолдар

жөнделуде, ауылдар ауыз сумен қамтылуда. Қыс

маусымына дайындық аясында жаңа мұржа іске

қосылды, жылу электр орталығында жабдықтар

жөнделуде.

Әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінуде:

Петропавлда жаңа жайлы мектеп ашылады. Білім

нысандары мен ауруханалар күрделі жөндеуден өтуде,

халықаралық деңгейдегі спорт нысандары салынуда.

📌Мемлекет басшысы облысты дамытуға қатысты

бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл бағытта жұмыс

жалғасады — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1043929?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді