Сәт ауылында балалар саябағы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сәт ауылында- балалар саябағы ашылды.
Ауылымызда қуанышты жаңалық! Жергілікті кісіпкерлердің, тұрғындардың, ауылдан түлеп ұшқан перзенттердің қолдауымен балалар саябағы ашылды.
Бұл бастама- ауыл тұрғындарының бірлігі мен балаларға деген қамқорлығының жарқын көрінісі.
Саябақтың ашылуы- аудан әкімі Қанат Уәшұлының құттықтау сөзі мен демеуші кәсіпкерлерді марапаттаумен басталып, аудан орталығы, Арқалық қаласынан келген өнерпаздардың ән шашуларымен жалғасты. Кішкентай тұрғындарымыз енді бос уақыттарын таза әрі қауіпсіз алаңда көңілді өткізе алады.
Осындай қайырымды бастама көтерген ел азаматтарына алғысымыз шексіз! Ұрпақ болашағына жасалған әр қадам- ел ертеңіне салынған сенімді негіз.
 
 
 
 
 
 

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-karasu/press/news/details/1043921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді