
Елді мекендердегі тыныштық пен қоғамдық тәртіптің сақталуы көбіне учаскелік полиция инспекторларының жұмысына байланысты. Олар – халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін, құқық бұзушылықтың алдын алуда алдыңғы шепте жүрген тәртіп сақшылары.
Сырдария аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Қуандық Сәбитұлы Ережепбаев 2017 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарып келеді. 2019 жылдан бері учаскелік инспектор ретінде өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүр.
Қуандық Сәбитұлы күнделікті жұмысын тұрғындардың тыныштығын қадағалаудан, құқық бұзушылықтың алдын алудан бастайды. Ол өзіне тиесілі аумақтағы тұрғындарды жақсы біледі, әрбір отбасымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Учаскелік инспектор тек заң нормаларын қолданушы ғана емес, сонымен бірге қоғаммен жұмыс істейтін, адам тағдырына бейжай қарамайтын тұлға.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу, жасөспірімдермен жұмыс жүргізу, отбасындағы келеңсіз жайттарды шешуге атсалысу – инспектордың күнделікті міндетіне кіреді. Жауапкершілігі мол бұл қызмет иесі халықтың сеніміне ие болу арқылы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1043924?lang=kk
Жауап қалдыру