САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев  инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында жеке кәсіпкер Нұржан Умаров қытайлық серіктестерімен бірге күн электр станциясын салу бойынша жобасын таныстырды. Сонымен қатар, кездесуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру мәселелері талқыланды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев мұндай инвестициялық бастамаларды қолдайтынын атап өтіп, жобаның іске асуына жергілікті билік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді

Айта кетсек, бұл жоба баламалы энергия көздерін дамытуға, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және аудан инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1043990?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді