КЕЛЕС: ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ АУЫЛ ІШІН ЖАЯУ АРАЛАП, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан орталығы Абай ауылының ішкі көшелерін жаяу аралады. Аралау барысында ауылдың санитарлық жағдайы, абаттандыру жұмыстары, заңсыз құрылыстардың алдын алу және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Ауыл әкімі Асылбек Жұмановпен бірге жергілікті сауда орындарын аралаған аудан басшысы жабайы сауда орындарын жою, рұқсатсыз жол жиегінде сауда жасап отырған азаматтарға тиісті ескерту беру, сондай-ақ сауда нысандарының сыртқы келбетін ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.
Аудан әкімі осыған дейінгі жұмыс сапарлары кезінде берілген тапсырмалардың орындалу барысын да назарға алып, оның ішінде заңсыз салынған құрылыс нысандарын бұзу жұмыстарын жеделдетуді және орындалуы жөнінде нақты есеп беруді жүктеді.
Сапар қорытындысында Жәнібек Ағыбаев Абай ауылын абаттандыру, тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың санын арттыру бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1044724?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді