
Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» атты төртінші үлгілік базалық бағытты орындау мақсатында Қарақия ауданы әкімі аппаратының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Аталған ішкі талдаудың нәтижелерін талқылау мақсатында 2025 жылғы 5 тамыз күні сағат 15:00-де, Қарақия ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында жария талқылау өткізілді.
Талқылауға аппарат қызметкерлері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша құрылған жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Ішкі талдау нәтижесі бойынша Қарақия ауданы әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1045991?lang=kk
Жауап қалдыру