Абай мұрасы – халық ұлағаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Шақаман ЖОББМ-нің ұстаздары,  оқушылары және кітапхана оқырмандарының қатысуымен ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты әдеби кафе өткізді.

Кеш қонақжай, еркін форматта – «әдеби кафе» стилінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар дастархан жәйіліп, кымыз құйылды.

Кеш барысында Абайдың өлеңдері, қара сөздері оқылып, оның даналық ойлары талқыланды. Кітапхана оқырмандары Рысбике Боранбаева, Нұрия Шакабаева, Раяна Секенова Абай әндерін шырқап, көркемсөз шеберлері Акерке мен Назерке Сериковтар және кішкентай оқырмандарымыз Балауса мен Толғанай  ақын шығармаларын мәнерлеп оқып жүрекпен жеткізді.

Қатысушылар Абайдың шығармашылығы туралы пікір алмасып, әдеби викторинаға қатысып, өз білімдерін көрсетті.

Әрі қарай кітапханашы жасанды интелектіні қолдана отырып Абайдың жас ұрпақтарға айтқан өсиеті мен ақыл кеңесін көрсетті.

Ұйымдастырылған шара жастарды ұлттық әдебиетке жақындатып, ұлы ойшылдың мұрасына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

 Шара барысында айтылған әрбір сөз, шырқалған әрбір ән – Абай рухына тағзым болып, жас буынның рухани әлемін байытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1045908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді