
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж.Байдуллина облыс бойынша Ұлттық алдын алу тетігі тобының жетекшісі А.А.Дүзбаевамен бірлесіп, Ақтөбе облыстық Психикалық денсаулық орталығы жанындағы мәжбүрлі емдеу бөлімшесіне барды.
Сапар себебі – қызмет алушылар тарапынан түскен өтініштер. Олар емдеу шарттарына, медициналық және әлеуметтік көмектің көрсетілу тәртібіне, құқықтарының сақталуына қатысты болды.
Бару барысында қызмет алушылармен сұхбат жүргізілді, орналастыру жағдайлары, психологиялық көмекке қолжетімділік, құқықтық және этикалық нормалардың сақталуы тексерілді. Жекелеген бұзушылықтар анықталып, оларға қатысты түсіндірме беріліп, тиісті шаралар қабылданды.
Нәтижесінде азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, олардың құқықтары қалпына келтірілді. Ақпарат мекеме басшылығына жеткізілді, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында ұсыныстар берілді.
Мәжбүрлі сипаттағы мекемелерде құқықтардың сақталуына мониторинг жүргізу және азаматтардың өтініштерін қарау жұмысы тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/1046133?lang=kk
Жауап қалдыру