
2025 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж.Байдуллина Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің минималды қауіпсіздік режиміндегі №9 мекемесіне мониторингтік сапар жасады.
Сапар барысында ұсталушылардың тұрмыс жағдайы, санитарлық-гигиеналық ахуал, медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі және құқықтарының сақталуы бағаланды. Медициналық көмекке қол жеткізу, жеке гигиена құралдарымен қамтылу, тамақтану және сыртқы ортамен әлеуметтік байланысты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мониторинг шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Қабылдау нәтижесінде жазасын өтеп жатқан жүкті азаматшаға қатысты құқықтардың сақталуына байланысты әйел адамның өтініші тіркелді. Қажетті түсіндірмелер беріліп, ақпарат тиісті органдарға жолданды.
Бостандықтан айыру орындарындағы ұстау жағдайлары мен адам құқықтарының сақталуына қатысты жұмыс тұрақты түрде жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/1046132?lang=kk
Жауап қалдыру