
Азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Байдуллина А.Ж. Мартөк ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жоспарлы бару жүзеге асырды.
Мониторинг барысында келесі мәселелерге назар аударылды: камералардың санитарлық жағдайы, жарықтандыру мен желдету, жатын орындардың болуы; ауыз су, тамақ, серуен және медициналық көмекке қолжетімділік; жеке гигиена құралдары мен төсек-орынмен қамтамасыз етілуі; қорғаушыға, туыстарына және басқа да байланыс құралдарына қолжетімділік.
Сондай-ақ, ұстау тәртібін, тергеу және прокуратура органдарымен өзара әрекеттесу тәртібін реттейтін құжаттар зерделенді.
Қамауда отырғандармен жеке әңгімелесулер өткізіліп, ұстау жағдайлары, қызметкерлердің қарым-қатынасы және медициналық-құқықтық көмектің қолжетімділігі туралы пікірлер тыңдалды.
Нәтижесінде тиісті ұсынымдар беріліп, ақпарат Уәкілдің орталық аппаратына және уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/1046131?lang=kk
Жауап қалдыру