ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БОЗБАЛАЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҚОС МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔶Грекияның Афина қаласында күрес түрлерінен өткен U-17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті.
🔶Ел намысын қорғаған түркістандық еркін күрес шеберлері – 51 келі салмақтағы Әбдіқасым Данаел мен 60 келіде сынға түскен Асанбек Бекасыл әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. Жас балуандарды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, спорт жанашырлары, жанкүйерлері мен туыстары сән-салтанатпен қарсы алып, құрмет көрсетті.
🔶Асанбек Бекасыл – Төлеби ауданының тумасы. Қазіргі таңда Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде шеберлігін шыңдап жүр. Ал Әбдіқасым Данаел – Қазығұрт ауданының түлегі. Ол бүгінде Бекзат Саттарханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің шәкірті.
🔶Жас спортшылардың бұл жетістігі – елімізде күрес спортының қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдейтін жарқын көрсеткіш.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1046129?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді