
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2025 жылғы 6 тамызда сағат 10:00-де Zoom платформасы арқылы онлайн форматта Экология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру конкурсына құжаттарын тапсырған кандидаттар үшін тыңдау өткізілетінін хабарлайды.
Тыңдау сілтемесі, конференция идентификаторы және кіру коды туралы ақпарат кандидаттардың электрондық пошталарына жіберілді.
Тыңдауға қатысуды қамтамасыз етуіңізді және жеке басын куәландыратын құжатты алдын ала дайындауларыңызды сұраймыз. Қатысу мүмкін болмаған жағдайда Хатшылықты алдын ала хабардар ету туралы өтініш білдіреміз.
Кері байланыс үшін: 74-27-98, 75-09-84, 87785923955
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1045971?lang=kk
Жауап қалдыру