
Қараусыз қалған балалар терезелерден құлап кетуде
Шығыс Қазақстанда балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Облыста 7 жағдай тіркелді. Жақында, Өскеменде Көкжал Барақ көшесінде, төртінші қабаттың терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған, 2021 туған жылы қыз құлап түсті.
ТЖ қызметкерлері атап өткендей, жазатайым оқиғалар ата-аналар пәтерлерде терезелер ашық екенін ұмытып, балаларды бірнеше минутқа қараусыз қалдырған кезде болады.
“Оқыс оқиғаларды болдырмауға және қайғылы жағдайдан қорғауға көмектесетін құрылғыларды орнату өте маңызды. ШҚО ТЖ департаменті ата-аналар арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді”, – деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев.
ШҚО ТЖД құтқарушылары көпбалалы отбасылардың терезелеріне қорғау құрылғыларын орнату бойынша тұрақты негізде профилактикалық рейдтер мен акциялар өткізеді. Сондай-ақ, құтқарушылар құрылыс компанияларының бірімен меморандумға қол қойды. Оған сәйкес компания тұрғызып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерде терезе бұғаттағыштары мен шектегіштерді орнату қарастырылған, бұл тұрғындарға жайлы ғана емес, қауіпсіз пәтерлерде де тұруға мүмкіндік береді.
ТЖД ересектерден келесі ұсыныстарды ескеруді сұрайды:
– Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз
– Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз
– Терезелер арнайы қорғау құрылғыларымен болуы керек
– Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын бұғаттаңыз
– Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіз жанында болмағанда қайталауы мүмкін
– Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.
Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!
Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112, 101 телефондары бойынша қоңырау шалыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1045946?lang=kk
Жауап қалдыру