Каспий теңізінде әскери теңізшілер кеме жүргізу машықтарын пысықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Каспий теңізінің орталық бөлігінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері қатысқан оқу-жаттығу штурмандық жорығы өтті. Теңізшілер кемені басқару дағдыларын жетілдіріп, штурмандық қызметті ұйымдастыруды тәжірибе жүзінде меңгерді.

 Жаттығудың басты мақсаты –  штурмандық дайындық деңгейін арттыру және кәсіби құзыреттілікті дамыту. Жорық барысында жеке құрам штурмандық вахтаны атқаруға дайындықтан өтіп, вахталық офицерлер құрамындағы әрекеттерді пысықтап, теориялық білімдерін нақты жағдайда бекітті.

– Мұндай жорықтарды өткізу кәсіби шеберлікті арттырып қана қоймай, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға және штурмандық қызметтің жауынгерлік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді, – деді штурмандық дайындық бойынша штабтың жетекші маманы капитан-лейтенант Қуанышбек Дүйсембаев.

Сабақтар барысында теңіздегі әскери іс-қимылдар театрының ерекшеліктерін зерттеуге және түрлі кеме жүргізу әдістерін қолдану арқылы навигациялық міндеттерді шешуге ерекше көңіл бөлінді. Оқу жорығының қорытындысы бойынша штурмандық жауынгерлік бөлімшенің офицерлері сынақты сәтті тапсырды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1045582?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді