
Ертіс жағалауында «Семей батыры» күштік экстрим турнирі өтті. Сайысқа қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Турнир осыған дейін қала көлемінде екі рет өтті. Биылғы жылы республикалық дәрежеде бірінші рет өтіп жатыр. Сондықтан бүгінгі күні батырларымыздың күш-жігерін, жеңіске деген ұмтылысын қажыр-қайратын тамашалайтын боламыз. Ең бастысы – жеңіске жетулеріңізді тілеймін», – деді Бекжан Бапышев сайыскерлерге сәттілік тілеп.
Жарыс бірнеше кезеңге бөлінді:
-Ауыр қап алып жүру;
-Зерхерді максимально ұстап тұру;
-Гір тасын жұлқа көтеру;
-Бөренені мойнына қойып, отырып тұру;
-Ауыр салмақтағы дөңгелекті аудару;
-Екі гантельмен фермерлік серуендеу;
-Автобус сүйрету.
Жарыс нәтижесі бойынша 1-орын – Макарцов Вадим ( Өскемен), 2 орын – Азизов Нұрбол ( Семей), 3 орын- Кенжеханов Темірлан ( Өскемен) иеленді.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз
«Семей батыры» жасай берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1045583?lang=kk
Жауап қалдыру