Полицейлер Ақмола облысында қасақана өртеу фактісі бойынша тергеуді бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 2 тамызында Атбасар ауданының полиция бөліміне автокөлікті өртеу әрекеті туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері белгісіз адам жергілікті тұрғынға тиесілі “Audi 100” маркалы көлікті өртемек болғанын алдын ала анықтады. Көліктің айналасында төгілген бензиннің іздері болды. Жәбірленуші өрттің таралуына және одан да ауыр зардаптарға жол бермей, жалынды өздігінен сөндіре алған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі бойынша «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 36 жастағы күдікті ер адамды, жәбірленушінің көршісін анықтады. Оқиғадан қысқа уақыт бұрын олардың арасында ауызша қақтығыс болғаны анықталды. Қазіргі уақытта оның оқиғаға қатысуы тексерілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1046099?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді